АҚШ пен бірнеше еуропалық ел Мәскеудегі наразылықтарға араласты
(last modified Mon, 05 Aug 2019 12:33:46 GMT )
Там 05, 2019 18:33 Asia/Almaty
  • АҚШ пен бірнеше еуропалық ел Мәскеудегі наразылықтарға араласты

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы: "АҚШ пен бірнеше еуропалық ел Мәскеудегі наразылықтарға араласты",-деп хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мария Захарова  АҚШ пен бірнеше еуропалық елді Мәскеудің ішкі ісіне араласқаны үшін сынап: "Бұл елдер наразылықтарды Ресейдің басқа қалаларында да тудыруды көздеді",-деді.

Захарова: "Соңғы күндері Мәскеудегі АҚШ елшілігі мен бірнеше еуропалық елдің елшіліктері өз ақпарат құралдарымен бірлесіп, Мәскеудегі наразылардың заңды шеруін бүлікке айналдырғысы келді",-деді.

Соңғы бірнеше күнде Мәскеуде болған наразылықтар барысында полиция 600-ден астам адамды бүлік шығарып, қаланың тәртібі мен қауіпсіздігін бұзды деген айыппен қамауға алып, сот органдарына тапсырды.

Тегтер