Зариф: Иран халқына қарсы экономикалық терроризмнің еш әсері жоқ
Иран Сыртқы істер министрі Катар әмірімен кездесуінде АҚШ тың Иранға қарсы зұлым санкцияларына тоқталып: «Иран халқына қарсы экономикалық терроризмнің еш әсері жоқ, тек аймақта тынышсыздықты арттырып отыр», деп қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Дохада Тамим бен Хамд бен Халифе Але Санимен кездесуінде Теһранның көршілес елдермен қарым‑қатынасын дамыту саясатына тоқталып: «Иран мен Катардың қарым‑қатынасы Иран мен аймақ елдерінің саяси байланыстары үшін үлгі бола алады»,‑деді.
Тамим бен Хамд бен Халифе Але Сани осы кездесуде Иран мен Катардың жақын бауырластық қарым‑қатынасына тоқталып, екі елдің аймақтық және халықаралық мәселелер төңірегінде кеңесіп, аймақтағы қиындықтарды бірлесе шешуге күш салуы қажеттігін қуаттады.
Катар әмірі, сондай‑ақ, бұл елдің аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға көмектесуге әзір екенін мәлімдеді.