Генерал Бағери: Иран Парсы шығанағындағы өз мүдделерін кесімді түрде қорғауға әзір
(last modified Thu, 12 Sep 2019 11:29:06 GMT )
Қыр 12, 2019 17:29 Asia/Almaty
  • Генерал Бағери: Иран Парсы шығанағындағы өз мүдделерін кесімді түрде қорғауға әзір

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы ИИР-ның Парсы шығанағындағы өз мүдделері мен қауіпсіздігін кесімді түрде қорғауға әзір екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал Мұхаммад Бағери бейсенбі күні Бейжіңде Қытай жоғары қорғаныс университетінің ұстаздары мен студенттері алдында сөйлеген сөзінде аймақ пен әлемнің қауіпсіздік мәселелері туралы сараптама жасап: "Тарих көрсеткендей, Иран ешқашан соғыс не басқыншылық бастаған емес, бірақ бөгделер тарапынан қандай да бір басқыншылық немесе ішкі іске араласушылық болған жағдайда өзін бар күш-қуатымен қорғайды",-деді.

Генерал Бағери АҚШ-тың бұрынғыдай әскери-экономикалық құралдар қолдану, қоқан-лоққы жасау, санкция салу, айып тағу, ішкі іске араласу және басқыншылық жасау арқылы әлемге өзінің заңсыз гегемониясын таңғысы келетінін айтып: "Тәуелсіз мемлекеттер мен халықтар қырағы интеграция жасау арқылы осы жағдаймен күресіп, тиісті стратегиялар қабылдауы керек",-деді.