АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режим – Ирактағы бүліктердің себепкерлері
https://itolqyn.com/news/world-i43808-АҚШ_Ұлыбритания_мен_сионистік_режим_Ирактағы_бүліктердің_себепкерлері
Теһран жұма намазының имамы: «Ирактағы жуырдағы бүліктердің себепкерлері АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режим. Олар бүлікшілерді ирактық революцияшылар деп атады»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 11, 2019 19:03 Asia/Almaty
  • АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режим – Ирактағы бүліктердің себепкерлері

Теһран жұма намазының имамы: «Ирактағы жуырдағы бүліктердің себепкерлері АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режим. Олар бүлікшілерді ирактық революцияшылар деп атады»,- деді.

Аятолла Сейед Ахмад Хатами бүгін Теһрандағы жұма намазында Ирактағы жуырдағы наразылықтарда ондаған ирактықтың өлімі мен жарақат алғанына өкініш білдіріп: «Наразылардың тұрмыс жағдайға байланысты талаптары ирактық басшылардың, соның ішінде Премьер-министрінің айтуынша заңды құқықтар. Арабтың кертартпа режимдері мен БААС партиясынан қалғандар, сондай-ақ саудиялық, британиялық және америкалық кейбір ақпарат құралдары Ирактағы жуырдағы бүліктер мен олардың ушығуына себеп болды. Дұшпан Ирак халқының қарсыласу ағымына қосылуына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, сионистік режим мен АҚШ-тың заңсыз талаптарына қарсы тұрған кейбір ирактық басшылардан кек алу Ирак халқы дұшпандарының келесі мақсаты болды»,- деді. Аятолла Хатами ИИР-ның Түркия әскерилерінің Сирия жерінен шығуы қажеттігін қуаттайтынына тоқталып, Түркия үкіметіне Сауд Арабиясының АҚШ нөкері ретінде Вашингтонды тыңдап, Йемен соғысына шырмалғанын ескертті.