Америкалық әскерилер Сирияның солтүстігінен шығып жатыр
Қаз 16, 2019 16:29 Asia/Almaty
Америкалық әскерилердің келесі бір тобы Сирияның солтүстігіндегі Телл-Тамер қаласынан шықты.
Өткен жексенбі күні бірқатар америкалық әскери де Манбидждағы «Матахин» базасынан кеткен болатын. Дүйсенбі күні де америкалық 150 сарбаз Сирияның әл-Малекие аймағынан Иракқа көшірілді. Сириядағы АҚШ басқарған коалицияның баспасөз хатшысының айтуы бойынша, коалицияның күштері Сирияның солтүстігінен шығып жатыр.
Ресей Қорғаныс министрлігі Сирия армиясы күштерінің елдің солтүстігіндегі көптеген аймақтарды өз бақылауына алғанын хабарлады. Осы мәлімет бойынша, Сирия армиясы «әл-Табақе» әуе базасы мен айналасын өз бақылауына алды.
Тегтер