Көрермендер Трампқа наразылық білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i44043
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсболдан әлем кубогын тамашалау үшін стадионға келгенде көрермендер шулап, оған наразылық білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 28, 2019 19:07 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсболдан әлем кубогын тамашалау үшін стадионға келгенде көрермендер шулап, оған наразылық білдірді.

"Спутник" ақпарат агенттігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде жарияланған Вашингтондағы бейсбол халықаралық жарысы туралы видеодан стадионға жиналған адамдар телеарна камералары Трампты көрсеткен кезде айқайлап, "Оны қамаңдар!" деп шулағандарын көрсетеді. Сондай-ақ, стадиондағы плакаттардың бірінде "Трампты отставкаға кетіріңдер!" деп жазылды.