Трамп Қазақстанды НАТО-ның мүшесі деп шатасты
https://itolqyn.com/news/world-i44130
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұл елге қарсы айыптауын негізсіз атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 04, 2019 14:42 Asia/Almaty
  • Трамп Қазақстанды НАТО-ның мүшесі деп шатасты

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұл елге қарсы айыптауын негізсіз атады.

 

Tasnim ақпарат агенттігінің Tengrinews агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі: «АҚШ Президентінің «Қазақстан НАТО-ның мүшесі бола тұра бұл ұйымның жұмсаған қаржысына қатысқан жоқ» деп айтуы басқа ел туралы болу мүмкін. Бірақ қателесіп Қазақстанды атаған айтқан болар»,- деді. Трамптың сөзі АҚШ Қорғаныс министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы  Гай Снодграсстың кітабында көрсетілді. Оның айтуынша, АҚШ-тың сыртындағы бұл елдің қарулы күштері мен әскери әрекеттерінің бюджетін қамтамасыз ету туралы 2018 жылғы ортақ штаб басшыларының отырысында Трамп: «Біз үнемі басқаларға  көмектесіп, өзімізді ұмытамыз. Қазақстан өте бай елдердің бірі. Соңғы рет мен бұл елде болғанда олар маған алғыс айтты. Бірақ неге олар ешбір қаржы төлемейді? Неге олар соғыстарға қатыспайды?»- деді.