2020 жылға дейін Өзбекстанның шетелдік қарызы 15 миллиард долларға жетеді
Қар 05, 2019 16:59 Asia/Almaty
2020 жылға дейін Өзбекстанның қарызы шамамен 21 млрд 300 млн долларға жетеді. Оның 15 млрд 300 млн доллары шетелдік қарызды құрайды.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Өзбекстанның Қаржы министрлігі елдің Қытай үкіметіне қарызы 2020 жылдың басында 3 млрд 600 млн долларды құрайтынын мәлімдеді. 2015 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың қаңтар айына дейін Өзбекстан үкіметінің қарызы жыл сайын 200-300 млн долларға өсіп, 1 млдр 55 млн доллардан 1 млрд 969 млн долларға артты. Қытай Өзбекстан экономикасының ең ірі инвесторы саналады.
Тегтер