Рухани: Теһран-Рим қарым-қатынастарын дамыту үшін ешқандай кедергі жоқ
ИИР Президенті Иран мен Италия арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды кеңейтуге ешқандай кедергінің жоқ екендігін мәлімдеді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Иран мен Италияның жоғары лауазымды қайраткерлерінің Теһрандағы отырысында Теһран-Рим қарым-қатынастарын алға ілгерілету үшін қажетті жағдайдың туғанына тоқталып: «Италия Премьер-министрінің Иранға сапармен келуі екі ел арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту саласында жасалған маңызды қадам.
Лаңкестік мәселесі ұжымдық ынтымақтастық арқылы шешіледі. Алайда лаңкестікті Исламның негіздеріне теңеу және әлем бойынша мұсылмандармен күресу еш уақытта шешілмейтін үлкен қоғамдық алшақтыққа себеп болады»,- деп қуаттады.
Италия Премьер-министрі Маттео Ренци де Италия мен Иран арасында жасалған келісімдерді жүзеге асыру үшін бар күшін салатынын қуаттап: «Италия Иран мен Еуроодақ қарым-қатынастарының жаңа кезеңін бастаушы болып, осы салада өз рөлін жақсы атқаратын болады. Бүгінде Иран аймақтың ең тұрақты елі саналады. Иранның қатысуынсыз аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату мүмкін емес»,- деді.