ИИР Еуропа елдерінің елдің ішкі ісіне араласушылығына реакция білдірді
(last modified Fri, 22 Nov 2019 10:55:58 GMT )
Қар 22, 2019 16:55 Asia/Almaty
  • ИИР Еуропа елдерінің елдің ішкі ісіне араласушылығына реакция білдірді

ИИР СІМ ақпарат хатшысы: "Еуропа ішкі іске араласып, бүлікшілерді қорғағанның орнына Иран халқына берген уәделерін бұзғаны үшін жауап бергені дұрыс",-деді.

ИИР ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, ИИР СІМ ақпарат хатшысы Аббас Мусави еуропалық елдердің басшылардың, әсіресе Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі ақпарат өкілінің сөздерін Иранның ішкі ісіне араласушылық деп атап, еуропалық елдерге алдымен өздерінің ішкі тәртіпсіздіктері мен қиыншылықтарын шешіп алуға, апта сайын Еуропада әртүрлі қалыптарда өтіп жатқан ауқымды наразылықтарды тоқтатып алуға кеңес берді.  

ИИР СІМ ақпарат хатшысы, сондай-ақ: "Еуропа алдымен АҚШ-тың Иран халқына салған санкциялары мен экономикалық  терроризміне жақтасқанына жауап беруі тиіс. Содан соң ғана Иранның ішкі ісіне араласа сөйлеп, қоғамдық және жеке мүліктерді бүлдірушілер мен бүлікшілерді қорғауда көздеріне өтірік жас алсын",-деді.

Тегтер