Иран халқына санкция салушылар ирандықтарды қолдайтыны туралы уәж айтуда
АҚШ Президенті бейсенбі күні кешке Twitter-дегі жеке парақшасында өткен бір жылда ирандықтарға қарсы салған заңсыз әрі әділетсіз санкцияларына тоқталмастан, интернеттің уақытша өшірілуін Иранда тұрақсыздықтың туындауының себебі деп атады.
АҚШ-та билік басына келгеннен бастап Трамп Иран мен ирандықтарға қарсы әрекет жасап: "Иран үкіметі халықтың елдегі қатігездіктер туралы сөйлесе алмауы үшін интернетті жапты",-деген уәж айтты.
АҚШ-тың Иран халқын қолдайтыны туралы уәжді сәрсенбі күні Швейцарияның Теһрандағы елшісі Маркус Лайтнердің АҚШ-тың мүдделерін қорғаушы ел ретінде ИИР СІМ-не шақыртылып, Теһран үкіметінің АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласуына наразылығы жарияланған жағдайда орын алды.
Өткен жұма күні таңертең бензин бағасын өзгерту жобасы орындалғаннан кейінгі халықтың бейбіт наразылықтары кейбір бұзақылардың теріс пайдалануы салдарынан бағытынан тайды.