Бүгін Трампқа қарсы айыптау үкім бекітілуі мүмкін
АҚШ Өкілдер палатасы алдағы бірнеше сағатта ел Президенті Трампқа қарсы айыптау үкімін шығаруы мүмкін.
АҚШ Конгресінің қарамағындағы Hill News хабардар екі адамның мәліметтеріне сүйеніп: "АҚШ Өкілдер палатасы бүгін сейсенбі күнгі баспасөз отырыстарының бірінде Дональд Трамптың импичменті жөніндегі зерттеулердің ресми нәтижесін айыптау үкімі ретінде жариялады",- деп мәлімдеді. Осы мәлімдеме бойынша, Өкілдер палатасы Сот комитетінің басшысы Джеральд Надлер, Барлау комитетінің төрағасы Адам Шифф пен тағы басқа комитеттер алдағы сағаттарда өтетін отырысқа қатысады. Hill News: "Басқа бірнеше дереккөзінің мәліметі бойынша Трамптың импичменті ресми түрде сәрсенбі немесе бейсенбі күні жариялануы мүмкін. Уақыты нақты анық емес",- деп жазды. Демократтардың пікірі бойынша, Трамп оған импичмент жариялауға себеп болған үш қылмыс, нақты айтқанда билікті өз мүддесіне пайдалану, пара алу және Конгрестің жұмысын бұзу арқылы әділеттің орнауына кедергі жасады.