АҚШ-тың Батыс Азиядағы авантюристік әрекеттерінің салдарлары
Иранның БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-тың Батыс Азиядағы әскери авантюризмін бұл аймақтағы тұрақсыздықтың факторы деп атап: "Осы авантюризмнің жуырдағы мысалы ретінде сардар Ғасем Солейманиді Ирак астанасы Бағдад әуежайында өлтірген лаңкестік әрекетті атады.
Маджид Тахтраванчи сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Батыс Азия және Палестина туралы отырысында: "Сардар Солейманиге террор жасау мемлекеттік терроризм мен халықаралық құқықтарды әшкере бұзудың айқын мысалы болды. Бұл АҚШ-тың халықаралық қауымдастық алдында жауапты екенін білдіреді",-деді.
Трамптың авантюризмі әлемді әртүрлі дағдарыспен бетпе-бет келтірді. Бұл арада АҚШ-тың саяси және әскери әрекеттері Батыс Азия аймағына кері әсерін тигізіп отыр.
Лаңкестікті құрал ретінде пайдалану, Сирия мен Иракта әскери күш орналастыру, сионистік режимге әскери және саяси тұрғыдан қолдау көрсету, АҚШ-тың әскери авантюрасы – осының барлығы Батыс Азия аймағын дағдарысқа ұшыратты.
Сионистік режимнің басып алған Палестинада соғыс саясатын жүргізуін қолдау, араб режимдерінің арандатушы саясаттарын жақтау, Иракта ұлт қалыптастыру және мемлекеттік үдерісті дамытудың алдын алуға талпыну, ақырында сардар Солейманиге террор жасау АҚШ-ты Батыс Азия аймағындағы қауіпті елге айналдырды.
Батыс Азия аймағында лаңкестік күрес сылтауымен жүрген АҚШ Сирияда ДАИШ-ке қарсы америкалық коалиция аясында бұл елдің мұнайын нысанаға алды, Иракта осы елдің дамуына кедергі болды, ақырында лаңкестік және АҚШ-тың бүлдіргі саясатымен шынайы күрес жүргізген қолбасшыға террор жасады.
АҚШ-тың бұл саясаты Батыс Азия аймағында тынышсыздық пен тұрақсыздықтың жалғаса түсуіне себеп болды. Негізінде аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін кепілдендірудің ең әсерлі жолы – АҚШ әскерилерін аймақтан шығару.
Iәһид сардар Солеймани өлтірілгеннен кейін америкалық әскерилерді Батыс Азия аймағынан шығаруға жағдай жасалды. Өйткені аймақ елдерінің, соның ішінде Ирактың қоғамдық пікірі сардар Солеймани өлтірілгеннен кейін АҚШ-тың шынайы бейнесін таныды.
Сардар Солейманидің қазасынан кейін Батыс Азия аймағы мен бүкіл әлемде АҚШ-тың лаңкестікпен күресіп жатқанына сенетін адам қалмады. Мұндай жағдайда АҚШ-тың сардар Солейманиді шәһид еткені үшін алынатын ең қатаң кек америкалық әскерилердің Батыс Азия аймағынан кесімде түрде шығарылуы болмақ. Сонда аймақта тыныштық пен тұрақтылық қайта орнайды.