Пентагон Иранның зымырандық шабуылы салдарынан 34 америкалықтың жараланғанын мойындады
https://itolqyn.com/news/world-i45238-Пентагон_Иранның_зымырандық_шабуылы_салдарынан_34_америкалықтың_жараланғанын_мойындады
Пентагон Иранның Ейн әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылы салдарынан 34 америкалықтың жараланғанын мойындады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 25, 2020 15:20 Asia/Almaty
  • Пентагон Иранның зымырандық шабуылы салдарынан 34 америкалықтың жараланғанын мойындады

Пентагон Иранның Ейн әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылы салдарынан 34 америкалықтың жараланғанын мойындады.


Пентагонның баспасөз хатшысы Джонатан Хоффман жұма күні: «Иранның Ирактағы Ейн әл-Асад базасына жасаған зымырандық шабуылы салдарынан 34 америкалық басынан жараланды. Бұдан бұрын Германияға жеткізілген жараланған 8 әскери енді АҚШ-қа қайтарылды»,- деді.

Бұдан бұрын АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер Иранның сардар Ғасем Солеймани мен майдандастарына қарсы лаңкестік шабуылға жауап ретінде қайтарған зымырандық шабуылдағы шығындары жөнінде мәлімет беруден бас тартқан болатын.