Трамп Конгресте ақталғанына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i45409
АҚШ Президенті Конгресте өзіне қарсы айыптардан ақталып шыққанын үлкен жеңіс деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 06, 2020 17:21 Asia/Almaty
  • Трамп Конгресте ақталғанына реакция білдірді

АҚШ Президенті Конгресте өзіне қарсы айыптардан ақталып шыққанын үлкен жеңіс деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп бейсенбі күні таңертең Twitter-дегі жеке парақшасында: "Ертең (жергілікті уақыт бойынша) халық алдында сөз сөйлеп, елдің үлкен жеңісі жайлы баяндаймын",-деп жазды.

Республикашыл сенаторлар тарапынан Трампқа тағылған айыптар расталмағаннан кейін АҚШ Президенті сәрсенбі күні кешке "өкілеттігін асыра пайдаланды" деген айыптан ақталды.

АҚШ-тың 45-ші басшысына қарсы соттың 12-ші күнгі жиналысы жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-да АҚШ Конгресінің Сенат палатасында басталды. Жиналыста сенаторлар Трампқа импичмент жариялау туралы пікірлерін білдіргеннен кейін дауыс берілді. 52 республикашыл сенатор Трамптың айыпты екеніне қарсы шықты. Ал 47 демократ және бір республикашыл  сенатор Трампты айыпты деп тапты.