Трамп демократ сенатордың Зарифпен кездесуіне реакция білдірді
АҚШ Президенті Мюнхендегі қауіпсіздік мәселелер жөніндегі конференцияның аясында демократ сенатордың Иран Сыртқы істер министрімен кездесуіне реакция білдіріп, бұл әрекетті заңсыз деп тапты.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп сейсенбі күні демократ сенаторы Крис Мерфидің ирандықтармен кездескенін жариялап: "Бұл кездесу Logan Act заңың бұзу",- деді. Logan Act заңы үкіметтік емес адамдардың шетелдік үкіметтермен рұқсатсыз қатынас орнатуға тыйым салады. Logan Act заңы америкалық сенатор Джордж Логанның Франциямен заңсыз келіссөздер жүргізгенінен кейін 1798 жылы бекітіліп, сол кездегі АҚШ Президенті Джон Адамс оған қол қойған.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Аббас Мусави Twitter-дегі парақшасында: "Иран Сыртқы істер министрінің АҚШ Конгресінің кейбір мүшелерімен кездесуі қоғамдық дипломатияның бір бөлігі",- деп жазды.