Помпео Иранмен күресу туралы жаңа уәж айтты
https://itolqyn.com/news/world-i45654
АҚШ Мемлекеттік хатшысы осы ел Президенті мен үкіметінің Иранға қарсы тұру және халықаралық санкцияларды қайтару мақсатында ауқымды жоба қабылдайтынын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 24, 2020 17:45 Asia/Almaty
  • Помпео Иранмен күресу туралы жаңа уәж айтты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы осы ел Президенті мен үкіметінің Иранға қарсы тұру және халықаралық санкцияларды қайтару мақсатында ауқымды жоба қабылдайтынын хабарлады.

Майк Помпео АҚШ-тың The Washington Free Beacon журналына берген сұхбатында: «Трамп үкіметі Иранның Батыс Азия аймағына ықпалының таралуымен күресу үшін көпмақсатты талпыныстарын бастады. Оған халықаралық санкцияларды қайтаруға талпыну да жатады»,-деді.

Помпео: «Бұл жоба «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына ауыр соққы береді»,-деді. Бірақ мұнымен бір мезгілде Еуропаның бұл келісімді әлі де қолдап, Вашингтонға жақтаспай отырғанын мойындады.

Помпео: «Трамп алдағы айларда БҰҰ-ға Иранға қарсы халықаралық санкцияларды қайтаруға өтініш беру туралы маңызды шешім қабылдайтын болады»,-деп уәж айтты.

ИИР «Егер Иранның ядролық ісі БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесіне жіберілетін болса, ядролық қаруларды таратпау туралы NPT хаттамасынан шығу мәселесін көтеретін болады» деп ескертті.