Трамп Иранға қатысты «ұлттық төтенше жағдайын» созды
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні 1995 жылы бекітілген Иранға қатысты «ұлттық төтенше жағдайы» жобасының уақытын тағы бір жылға созды.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Трамп өз мәлімдемесінде Иранға қатысты ұлттық төтенше жағдайын Ислам республикасының қоқан-лоққыларына қарсы тұру мақсатпен созғаны жөнінде уәжденді. АҚШ Президенті Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына тоқталып: «ИИР аймақтағы қирату белсенділігін кеңейтуде. Вашингтонның алғашқы рет 1995 жылдың 15 наурызында жариялаған Иранға қатысты ұлттық төтенше жағдайы 2020 жылдың 15 наурызынан кейін де жалғасады»,- деп қуаттады.
Иранға қатысты «ұлттық төтенше жағдай» жобасының созылуы АҚШ Президентіне Иранның мүлкі мен есеп-шоттарын бұғаттауға рұқсат береді. АҚШ осы кезге дейін ИИР-ның миллиардтаған долларларын заңсыз түрде бұғаттады.