Трамп АҚШ-тағы коронавирус құрбандары жайлы жаңа болжам айтты
Maм 04, 2020 16:39 Asia/Almaty
АҚШ Президенті: «Жүз мың америкалық азамат коронавирус салдарынан көз жұмуы ықтимал»,-деп болжам жасады.
Дональд Трамп жексенбі күні FoxNews арнасына берген сұхбатында әлем мен АҚШ-тың медицина мамандарының болжамдарына қайшы: «Коронавирусқа қарсы вакцина биылғы жылдың соңына қарай жасалуы мүмкін»,-деген уәж айтты.
Медицина мамандарының көбі, соның ішінде АҚШ-тың аллергия және жұқпалы аурулар институтының директоры доктор Энтони Фочи бұдан бұрын коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауға бір жылдан 18 айға дейін уақыт кететінін айтқан болатын.
Тегтер