Қытай АҚШ-тың коронавирусқа қатысты уәждеріне реакция білдірді
Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың коронавирустың Қытайдағы Ухань қаласының зертханасынан таралғаны туралы уәждерін теріске шығарып: «Вашингтон өзінің микробиологиялық зертханалары туралы үндемей отыр»,-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хуа Чуньин сәрсенбі күні кешке Бейжіңдегі баспасөз конференциясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Помпеоның осы жалған сөзінің ешқандай дәлел, айғағы жоқ екенін айтып: «АҚШ Кеңес Одағынан қалған елдерде микробиологиялық зертханалар салды. Бірақ зертханалардың жұмысы, қолданыс тәсілі мен қауіпсіздік жағдайы жайлы тіс жармай отыр.
Вашингтон Корея мен Вьетнам соғыстарында микробтық қару-жарақ қолданды»,-деді.
Хуа Чуньин АҚШ-тың өз одақтастарын қоқан-лоққы немесе қысым жасау арқылы Қытайға қарсы шығуға итермелеп жатқанын айтып: «АҚШ саясаткерлері барлық жауапкершілікті Қытайға артуды көздеп отыр»,-деп мәлімдеді.