Қытай АҚШ-тың коронавирусқа қатысты уәждеріне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i46669
Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың коронавирустың Қытайдағы Ухань қаласының зертханасынан таралғаны туралы уәждерін теріске шығарып: «Вашингтон өзінің микробиологиялық зертханалары туралы үндемей отыр»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 08, 2020 09:22 Asia/Almaty
  • Қытай АҚШ-тың коронавирусқа қатысты уәждеріне реакция білдірді

Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың коронавирустың Қытайдағы Ухань қаласының зертханасынан таралғаны туралы уәждерін теріске шығарып: «Вашингтон өзінің микробиологиялық зертханалары туралы үндемей отыр»,-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хуа Чуньин сәрсенбі күні кешке Бейжіңдегі баспасөз конференциясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Помпеоның осы жалған сөзінің ешқандай дәлел, айғағы  жоқ екенін айтып: «АҚШ Кеңес Одағынан қалған елдерде микробиологиялық зертханалар салды. Бірақ зертханалардың жұмысы, қолданыс тәсілі мен қауіпсіздік жағдайы жайлы тіс жармай отыр.

Вашингтон Корея мен Вьетнам соғыстарында микробтық қару-жарақ қолданды»,-деді.  

Хуа Чуньин АҚШ-тың өз одақтастарын қоқан-лоққы немесе қысым жасау арқылы Қытайға қарсы шығуға итермелеп жатқанын айтып: «АҚШ саясаткерлері барлық жауапкершілікті Қытайға артуды көздеп отыр»,-деп мәлімдеді.