Иран коронавирустан емдеу үшін клиникалық сынақ жүргізу бойынша үшінші ел
https://itolqyn.com/news/world-i46717
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа есебіне сәйкес, ИИР COVID-19 ауқымды вирусына қарсы емдеу жолдарының әсерлілік деңгейін анықтау мақсатындағы клиникалық сынақтар мен зерттеулер жүргізу саласында әлем бойынша Қытай мен АҚШ-тан кейін үшінші орында тұр.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 11, 2020 17:38 Asia/Almaty
  • Иран коронавирустан емдеу үшін клиникалық сынақ жүргізу бойынша үшінші ел

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа есебіне сәйкес, ИИР COVID-19 ауқымды вирусына қарсы емдеу жолдарының әсерлілік деңгейін анықтау мақсатындағы клиникалық сынақтар мен зерттеулер жүргізу саласында әлем бойынша Қытай мен АҚШ-тан кейін үшінші орында тұр.

IRNA ақпарат агенттігінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйеніп хабарлауынша, ауруханалар мен медициналық орталықтарда коронавирустан емдеуде түрлі дәрілердің әсерлілік деңгейін анықтау мақсатында клиникалық зерттеулер жүргізуде Қытай 154, АҚШ 109, Иран 63, Аустралия 58 жайт тіркеп, осы тізімнің біріншіден төртіншіге дейінгі орындарын алып отыр.

Коронавирустың әлемге таралуы күн сайын артып келе жатқанын ескеріп,  плазмотерапия немесе вакцина өндіру және тиісті дәрі жасау сияқты жаңа емдеу тәсілдерін ойлап табу клиникалық сынақтар мен зерттеулер кезеңінен өтіп жатыр. Зерттеушілер осы күнге дейін коронавирустан емдеу үшін белгілі бір дәрі немесе шешім жолын ұсынған жоқ.

Халықаралық фармацевтикалық федерация (Ifpma): «Вирус таралғаннан бері әлемнің түкпір‑түкпірінде әртүрлі зерттеу жобалары аясында 130 дәрілік қоспа тексеріліп жатыр»,-деп мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін әлемде 4 млн 200 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды. Олардың арасында 284 мыңнан аса адам көз жұмды.