Әлеуметтік желілерде Трамп туралы қауесет тарады
https://itolqyn.com/news/world-i47161-Әлеуметтік_желілерде_Трамп_туралы_қауесет_тарады
«The Lincoln Project» саяси шаралар комитеті Дональд Трамптың сенбі күні Нью-Йоркте «West Point» әскери университетінде сөз сөйлегеннен кейін баспалдақпен абайлап түсіп бара жатқан суреттерін таратып: «АҚШ Президентінің денсаулығы жақсы ма?»-деп жазды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 15, 2020 15:26 Asia/Almaty

«The Lincoln Project» саяси шаралар комитеті Дональд Трамптың сенбі күні Нью-Йоркте «West Point» әскери университетінде сөз сөйлегеннен кейін баспалдақпен абайлап түсіп бара жатқан суреттерін таратып: «АҚШ Президентінің денсаулығы жақсы ма?»-деп жазды.

Желі қолданушыларының бірі: «Шынымен-ақ, бүгін Президент сөз сөйлеуде қиналған сияқты»,-деген пікір жазды. Бірнеше дәрігер Трамптың қадам басуда және басқа істерде шектен тыс абай болуының себебін оның жүйкесімен байланыстырды.