Исфаһан мен Санкт-Петербург басшылары коронавируспен күрес саласындағы тәжірибелерімен бөлісті
https://itolqyn.com/news/world-i47186
Иранның Исфаһан қаласы мен Санкт-Петербург қаласының өкілдері коронавирус пандемиясының алдын алу, басқару және бақылау саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 16, 2020 19:16 Asia/Almaty
  • Исфаһан мен Санкт-Петербург басшылары коронавируспен күрес саласындағы тәжірибелерімен бөлісті

Иранның Исфаһан қаласы мен Санкт-Петербург қаласының өкілдері коронавирус пандемиясының алдын алу, басқару және бақылау саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

ISNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исфаһан әкімшілігіндегі халықаралық қатынас және қоғамдық пікір бөлімінің директоры Иман Ходжати Санкт-Петербургпен видео форматта өткен   отырыста: «Исфаһан мен Санкт-Петербург COVID-19 ауруына қарсы медициналық тәжірибелерімен бөлісті»,- деді. Ресей Денсаулық министрлігі өкілдерінің бірі Артем Горкин коронавирус пандемиясы кезіндегі зерттеу жұмыстарын орындау үшін әлемдік ынтымақтастықтың қажеттігін қуаттап, коронавирустың алдын алу үшін Ресейдің арнайы орталық құрғанын айтты.