Гидроксихлорохин препаратының коронавирусты жұқтырғандарды емдеу қолданысы тоқтатылды
Шіл 06, 2020 00:49 Asia/Almaty
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) гидроксихлорохин препаратының коронавирусты жұқтырғандар адамдарды емдеу қолданысын тоқтатты.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, ДДСҰ өз мәлімдемесінде: «Зерттеулер аталмыш препараттың коронавирус салдарынан өлетін адамдар саның азайтпағанын көрсетті»,- деп жариялады. Осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамп безгекке қарсы қолданыс тапқан гидроксихлорохинді коронавирусты жұқтырған адамдарды емдеу үшін ұсынды. Трамптың пікірінен кейін, аталмыш препараттың күнделікті тұтынуы артты.
Тегтер