Байден Американың 200 жылдық нәсілшілдігін мойындады
(last modified Mon, 06 Jul 2020 16:02:51 GMT )
Шіл 06, 2020 22:02 Asia/Almaty
  • Байден Американың 200 жылдық нәсілшілдігін мойындады

Қара нәсілділерге қарсы нәсілшілдік пен зорлық-зомбылық 1776 жылы АҚШ құрылғаннан бері әрқашан бұл елдің қоғамының айқын ерекшеліктерінің бірі болды.

 

Бұл мәселені тіпті АҚШ-тың кейбір басшылары мен жоғары лауазымды саясаткерлері мойындайды. АҚШ-тың 2020 жылдағы президенттік сайлауының демократтар партиясының үміткері әрі қазіргі Президенті Дональд Трамптың бәсекелесі Джо Байден АҚШ Тәуелсіздігі күнінде Twitter-дегі парақшасында бұл елдің жүйесінегі нәсілшілдіктің екі ғасырдан асқанын мойындады. Байден өз жолдауында: «АҚШ қоғамына теріс әсерін тигізген жүйелі нәсілшілдіктің қалыптасқанына 200 жылдан астам уақыт өтті. АҚШ еш уақытта бүкіл адамдардай бірдей жаратылды деген негіз бойынша дамымады»,- деп жазды. Байденнің жолдауы Трамп Оңтүстік Дакотадағы Рашмур тауында 4 шілде күніне арналған рәсімге жиналған көбі ақ нәсілді халықтың алдында сөйлеген сөзінде нәсілшілдікке қарсы наразыларды «солшыл жаңа фашизм» деп атап, айыптаған соң жарияланды. Бұл бір-біріне қайшы екі көзқарас АҚШ саясатының жоғары деңгейіндегі нәсілшілдік және оның салдарлары туралы қайшылықты көрсетеді.  Байденнің АҚШ қара нәсілділерінің нашар жағдайы мен  адам құқығы жөнінде уәжденетін бұл елдің жүйесіндегі нәсілшілдікті мойындауы АҚШ қоғамындағы ащы шындықты әшкереледі. Расында ұлт, оқу, жұмыс пен қоғам салаларындағы нәсілшілдік және қара нәсілділерге қарсы зорлық-зомбылық күнделікті әдетке айналды. Америка  тарихының үш ғасырында қара нәсілділер әрқашан құлдық, қырылып-жойылу мен шамадан тыс зорлық-зомбылықтың нысаны болды. Азаматтық құқықтар жөніндегі қара қозғалыс 1950 жылдары олардың құқықтарын жүзеге асыру және кемсітушілікті жою үшін толқын тудырса да, қазіргі американдық қоғамның шындығы  нәсілдік кемсітушілікдің жалғасуын көрсетеді. Соңғы жылдары  американдық полицияның қара нәсілділерге қарсы зорлық-зомбылығы артты. Бұл зорлық-зомбылық американдық қоғамдағы нәсілшілдіктің терең  тамырларынан бастау алады. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың айтуынша, нәсілшілдік американдық  ДНҚ-да қалыптасқан. Әрине, бұл көзқарастар қара нәсілді американдықтардың әлеуметтік өмірінің барлық салаларына әсер етті және нәсілдік кемсітушілік пен зорлық-зомбылық,   әсіресе АҚШ полициясымен  қолданылады.