Трамп Иранмен келісімге келетіні туралы уәдесін қайталады
(last modified Sat, 22 Aug 2020 10:52:30 GMT )
Там 22, 2020 16:52 Asia/Almaty
  • Трамп Иранмен келісімге келетіні туралы уәдесін қайталады

АҚШ президенті келесі президенттік сайлауда жеңіске жететін болса, Иранмен келісімге келуге тағы уәде берді.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп 2020 жылдың қараша айындағы сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Иранмен бір аптаның ішінде келісімге келмесе, бір айдың ішінде келісетінін тағы қайталады.

АҚШ Президенті келесі бір сөзінде БАӘ мен сионистік режим арасындағы ымыраласу келісімін Иранға қатысты өз саясатының нәтижесі деп атады.

Бірнеше апта бұрын Дональд Трамп қараша айында өтетін сайлауда жеңіске жететін болса, төрт аптаның ішінде Иранмен келісімге келеміз деп уәде берген болатын.