Сербия Президенті Трамптың осы ел елшілігін Құдсқа көшіруді қолдайтынын мәлімдегенде тосылып қалды
(last modified Sun, 06 Sep 2020 20:42:35 GMT )
Қыр 07, 2020 02:42 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні Вучичпен кездесуден кейін: «Сербия келер жылдың шілде айында өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге келісті»,-деп мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Сербия Президентінің таңданысын тудырды.

Таралған видеоға сәйкес, Сербия Президенті өз елі елшілігінің Құдсқа көшірілетінінен хабарсыз болып шықты.

Трамп ортақ мәлімдемені оқып, Сербия елшілігінің Тель-Авивтен Құдсқа көшірілетіні туралы айтқан кезде  Александр Вучич таңданып, бұл тармақтың мәлімдемеге енгізілгенінен хабарсыз болғанын көрсетті. Сол себепті өз қолындағы қағаздарға қарап, онда мұндай тармақтың барына көз жеткізгісі келді.

Таралған видеолардың бірінде Трамп өзінің сербиялық әріптесін оқушы сияқты жетектеп, үстел басына отырғызды. Бұл әрекет әлеуметтік желілерде көп реакция тудырды.