Трамп: АҚШ сайлауы үшін Ресейге қарағанда Қытай қатерлірек
Қыр 18, 2020 18:40 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ сайлауы үшін Ресейге қарағанда Қытайды ең үлкен қатер деп атады.
Дональд Трамп Қытайға ауызша шабуыл жасап, бұл елді 2020 жылдың қараша айында АҚШ-та өтетін сайлау үшін Ресейден де қауіптірек ел деп атап: «Егер дауыс беру электронды түрде өткізілетін болса, екі ел де дауыс беру үдерісіне оп-оңай араласа алады»,-деді.
Трамп Твиттердегі жеке парақшасында: «Қытай мен Ресей АҚШ-тың осалдау сайлауына араласуы мүмкін»,-деп жазды.
Қытай мен Ресей басшылары Трамптың бұл уәждерін сан рет теріске шығарды.
Тегтер