Сауд Арабиясының 11-ші қыркүйек оқиғасындағы рөлі туралы жаңа құжат табылды
АҚШ-тың CNN арнасы «60 минут» деп аталатын бағдарламада Сауд Арабиясының АҚШ-та орын алған 11-ші қыркүйек оқиғасындағы рөлін қуаттайтын жаңа құжаттың табылғанын хабарлап:
«АҚШ Президенті Барак Обама 10 күннен кейін Сауд Арабиясына сапар шегеді. Осындай жағдайда АҚШ-ның Орталық барлау ұйымының күштері 11-ші қыркүйек оқиғасы туралы өте құпия 28 беттік құжатты әшкерелеу мүмкіндігін қарастыруда. Аталмыш құжат саудиялықтардың 11-ші қыркүйек оқиғасын іске асырырушыларға қолдау көрсеткендігін әшкере етеді» деп мәлімдеді.
CNN арнасында 13 жыл бойы құпия сақталған құжаттың мәліметтерімен таныс адамдармен сұхбат жүргізілді.
АҚШ-тың Орталық барлау ұйымындағы зерттеу комитетінің басшысы болған бұрынғы сенатор Боб Грахам бұдан бұрын бұл құжаттың құпия мәліметтеріне сілтеме жасамастан: «Ағылшын тілін білмейтін және бұдан бұрын АҚШ-қа келіп көрмеген, сондай-ақ мектеп бітірмеген адамдардың АҚШ-тың ішінен қолдауға ие болмай мұндай шиеліністі әрекетті іске асырғандығына күмән туады»,- деді.