Рухани Арменияны Ұлттық күнімен құттықтады
(last modified Thu, 24 Sep 2020 09:57:32 GMT )
Қыр 24, 2020 15:57 Asia/Almaty
  • Рухани Арменияны Ұлттық күнімен құттықтады

ИИР Президенті Арменияның үкіметі мен халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады.

Рухани Армения Президенті Армен Саркисян мен осы елдің Премьер-министрі Никол Пашинянға жеке-жеке хат жолдап, екі елдің тарихи, мәдени және әлеуметтік байланыстарын назарға ала отырып, екі ел басшыларының талпыныстарының арқасында Теһран-Ереван қарым-қатынасы одан ары артып, екі халықтың мүддесіне сай дамып, тереңдейтініне үміт білдірді.

1991 жылы 21 қыркүйекте Армения тәуелсіздік алды. Бұл күні елдің Ұлттық күні саналады.