Трамптың ауруханадан шыққан кейінгі тыныс алу қиындығы байқалды
(last modified Tue, 06 Oct 2020 11:45:32 GMT )
Қаз 06, 2020 17:45 Asia/Almaty

АҚШ Президенті ауруханадан шыққаннан кейінгі алғашқы видео-хабарламасында өз жағдайын өте жақсы деп сипаттағанымен, оның тыныс алуы қиындағанын көрсететін видеолар жарияланды.

 

Көпшілікпен қол алысып, видео мәлімдеме жасау үшін Трамп Ақ үйдің баспалдақтарымен көтеріліп бара жатқанда, ол өзін Covid-19 вирусын жеңгені туралы мәлімдеді. Бірақ президент туралы жарияланған келесі видео  АҚШ-тың 74 жастағы президентінің денсаулығы жөнінде күмән тудырды.