Иран мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесті
Иран мен Ресей президенттері Хасан Рухани мен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Таулы Қарабақтағы соңғы өзгерістер, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, екіжақты ынтымақтастықтар мен халықаралық өзгерістерді талқылады.
Ресей президенті Армения мен Әзірбайжан сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өткен келіссөздерін және екі елдің атыс тоқтату келісімін оң бағалап: «Ресей Қарабақ қақтығысының екі жағының арасына арағайындық етіп, аймақтағы қайшылықтардың күшеюінің алдын алуға талпынуда»,- деді. Путин ИИР-ның Қарабақ қақтығысына байланысты сындарлы ұстанымына ризалығын білдіріп, Теһран мен Мәскеудің аймақтағы, әсіресе көршілес елдер арасындағы қауіпсіздік, тұрақтылық пен тыныштықты қалайтынын қуаттады. Рухани Ресейдің Армения мен Әзірбайжанның атысты тоқтатуындағы рөліне тоқталып: «Екі елдің Ресейдің арағайындығымен өткізетін тікелей келіссөздері мәселені бейбіт жолмен шешуге көмектеседі»,- деп үміттенді.