Қауіпсіздік кеңес видео форматта Парсы шығанағының қауіпсіздігі жөнінде отырыс өткізді
(last modified Wed, 21 Oct 2020 14:45:48 GMT )
Қаз 21, 2020 20:45 Asia/Almaty
  • Қауіпсіздік кеңес видео форматта Парсы шығанағының қауіпсіздігі жөнінде отырыс өткізді

Парсы шығанағы әлемнің геополитикалық аймақтарының бірі ретінде жаһандық экономика мен энергетика салаларында көптеген маңызға ие. Осыған байланысты сейсенбі күні Ресейдің бастамасымен және Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің видео форматтағы отырысы өтті.

 

Бұл отырыста БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Парсы шығанағы аймағы қауіпсізігі үшін маңызды атап, оны сақтап қалу қажеттілігін қуаттап: «Аймақтың тұрақтылығына қатысты ядролық қаруды таратпау тақырып өте маңызды»,- деді. Гутерриштың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттілігін қуаттауы және бұл мәселенің Парсы шығанағы аймағының қауіпсіздігімен байланыстыруы әлемдік маңызды орган, яғни халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға міндеттелген Қауіпсіздік кеңестің АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы көзқарасынан өзгеше көзқарасқаие екенін көрсетті. Қазіргі кезде АҚШ Парсы шығанағы аймағындағы әскери орналасуымен іс жүзінде аймақтағы шиеленісті арттыруда. Иран Парсы шығанағында аймақтан тыс державалардың болуына ашық түрде қарсы, сондықтан өткен жылы Парсы шығанағы елдерінің қатысуымен аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруды ұсынды. Иран сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Қауіпсіздік кеңестің отырысында «Хормуз бейбітшілігі» жобасына тоқталып: «Бұл бастама аймақтағы әр мемлекеттің шекаралас елдердің бейбітшілігін, тұрақтылығын және тұрмысын қамтамасыз етуіне негізделді»,- деді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп атанған ядролық мәселеге байланысты келісім Парсы шығанағы аймағының қауіпсіздігі үшін маңызды. «4+1» тобының Ресей мен Қытай сынды шығыс және Франция, Германия мен Британия сынды батыс мүшелері бұл салада Гутерришті мақұлдады. Еуропа Кеңесінің Төрағасы Шарль Мишельдің пікірінше, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі элементі болып қала береді.  2018 жылдың мамыр айында АҚШ президенті Дональд Трамп халықаралық қауымдастықтың қарсылығы мен Иранның аталмыш келісімге толық табанды боолуына қарамастан біржақты түрде одан шықты және Теһранды Вашингтонға бағындыру үшін мейілінше қысым көрсету саясаты бойынша, Иранға қарсы тарих бойындағы ең күшті санкцияларды енгізді. Бірақ Еуропалық Одақтың жоғары лауазымды шенеуніктері мен   басшыларының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын  сақтау қажеттілігіне бірнеше рет баса назар аударуы олардың көзқарастарының АҚШ  көзқарасынан өзгеше екенін көрсетті. Қазіргі кезде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Атлантика жағалауы арасындағы келіспеушіліктердің біріне айналды. Араб саяси сарапшысы Мұхаммад Фендидің айтуынша, «АҚШ өз қару-жарағын аймаққа сату үшін үнемі тынышсыздық тудыруға талпынуда, ал «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы АҚШ-тың үмітін ақтамады». «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының шығыс мүшелері, әсіресе Ресей, оны сақтап қалу қажеттігін қуаттауымен бірге АҚШ-тың Парсы шығанағындағы қауіпсіздік саласындағы жойқын рөлін қуаттады.  Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың тәсіліне сілтеме жасай отырып,   қауіпсіздік кеңесінің видео форматта өткен отырысында  Парсы шығанағы аймағындағы біржақты саясаттың нәтижесіз және бір тарапқа қарсы қоқан-лоққының қате және қауіпті екенін қуаттады.