Трамп сотқа шағым түсірді
https://itolqyn.com/news/world-i48895
АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның құқықтық тобы бүгін АҚШ соттарына сайлауда заңбұзушылық болғаны туралы шағым түсіретіндерін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 09, 2020 16:31 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның құқықтық тобы бүгін АҚШ соттарына сайлауда заңбұзушылық болғаны туралы шағым түсіретіндерін айтты.

Трамп Твиттердегі жеке парақшасында Байденнің өз жеңісін жариялағанын сынап: «Қашаннан бері жақтас ақпарат құралдары АҚШ Президентін таныстыратын болған?»-деп жазды.

АҚШ-тың түрлі қалаларында Трамптың жақтастары мен қарсыластарының жиындары жалғасып жатыр. Мичиган мен Джорджиядағы шерулер қатігездік пен қақтығыстарға ұласты.