Трамп үкіметі шетелдік басшылардың хаттарын Байденге жеткізбей отыр
Қар 12, 2020 18:17 Asia/Almaty
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джо Байден мен оның өтпелі командасына шетелдік басшылар жолдаған хаттардың тапсырылуына жол бермей отыр.
CNN телеарнасының хабарлауынша, әдетте АҚШ Мемлекеттік хатшысы шетелдік басшылардың қалаулы Президентпен байланысын ұйымдастырады, алайда Трамп үкіметі әлі де Байденнің жеңіске жеткенін қабылдамай, оның командасын заң жүзінде қалаулы Президенттің ықтиярында болуы тиіс мағлұматтар мен дереккөздеріне қолжетімділіктен мақрұм қалдырып отыр.
Сондай-ақ Трамп Байденнің БАҚ арқылы жеңісін жариялағанын қабылдамай, өзінің жеңгенін баса айтып, сайлаудағы заңбұзушылықты сотта қарастыратынын мәлімдеді.
Тегтер