Вашингтонда интернет бұғатталып, қауіпсіздік шаралары арттырылды
АҚШ Президенті жақтастарының Ақ үйдің алдына жиналуымен бір мезгілде қалада қауіпсіздік күштері мен соғыс көліктері қаптап, жағдай ушықты.
Әртүрлі аймақтардан Вашингтонға жиналған АҚШ Президентінің әсірешіл әрі нәсілшіл жақтастары, соның ішінде кейбіреулері әскери күртеше киіп, сенбі күні Ақ үйдің алдына жиналып, 3 қарашада өткен Президенттік сайлау нәтижесіне наразылық білдіріп ұрандатты.
АҚШ-та сайлаудың өткеніне 12 күннен асты, ал елде дауыс санау әлі де жалғасып жатыр.
АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы дауыс санағына сәйкес Джо Байден электорал алқасының 306 дауысын жинап, жеңіске жетті. Алайда Трамп пен оның жақтастары демократтар ауқымды заңбұзушылық жасап, сайлау нәтижесін Байденнің мүддесіне қарай өзгертті деп уәж айтып отыр.