Қар 22, 2020 22:43 Asia/Almaty

ИИР СІМ ақпарат хатшысы Джо Байден Ақ үйге келгеннен кейін АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуы және Иранның шарттары туралы: «Ақ үйге келетін кез келген адамда Иран халқының құқықтарына құрметпен қараудан басқа жол жоқ»,-деді.

Саид Хатибзаде жексенбі күні баспасөз отырысында Иранның ұлттық қауіпсіздікке қатысты ешкіммен салғыласып тұрмайтынын айтып: «Иран үшін ұлттық мүдде мен қауіпсіздік маңызды. Бұған қатер төне қалса, кез келген жер мен уақытта жойқын жауап қайтарады»,-деп қуаттады.

ИИР СІМ ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Израильге сапарын айыптап, Палестина арманына берік болу қажеттігін қуаттап, кейбір араб билеушілерінің қиянаты мен Ақ үйдің қазіргі режимінің арсыздығын бір тиынның екі беті деп атап: «АҚШ-қа осындай кеңістікті тудырғандар жауап берулері тиіс»,-деді.

Тегтер