АҚШ-та кедейлер артты
Жел 17, 2020 16:47 Asia/Almaty
«Вашингтон Пост» газеті бейсенбі күні таңертең: «Коронавирус кезінде мұқтаждарға қаржылай көмек беру тоқтатылғаннан кейін АҚШ-та соңғы 6 айда кедейлік деңгейі өсті»,-деп жазды.
«Вашингтон Пост» газетінің хабарлауынша, 2020 жылдың маусым-қараша айларында шамамен 7,8 млн америкалық азамат кедейлікке ұшырады. АҚШ үкіметінің коронавирус кезіндегі қаржылай көмек беруі аяқталды, алайда індеттің ел экономикасына қысымы әлі де жалғасып жатыр.
Осы уақытқа дейін бұл елде 18 млн-ға жуық адам коронавирусқа шалдығып, олардың 306 мыңы көз жұмды.
Тегтер