АҚШ-та коронавирустан бір күнде 4200-ден аса адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/world-i49349
Жаңа статистикалық мәлімет бойынша, АҚШ-та коронавирустан бір күнде 4200-ден аса адам көз жұмды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 18, 2020 00:00 Asia/Almaty
  • АҚШ-та коронавирустан бір күнде 4200-ден аса адам қаза тапты

Жаңа статистикалық мәлімет бойынша, АҚШ-та коронавирустан бір күнде 4200-ден аса адам көз жұмды.

Джонс Хопкинс университетінің жаңа статистикасы бойынша, өткен 24 сағатта АҚШ-та тағы 243 мың адамнан COVID-19 анықталып, кемінде 4289 адам осы індеттен көз жұмды. Сөйтіп, коронавирус салдарынан өлім-жітім бойынша жаңа рекорд тіркелді.

Статистика көрсеткендей, АҚШ-та 17 млн-ға жуық адам COVID-19 жұқтырған, олардың 308 мыңы көз жұмды.