Зариф Трамтың сөзіне реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентіне: «Америкалық азаматтардың АҚШ-тан тыс жерде қауіпті жағдайға түсуі халық назарын елдің ішіндегі апатты жағдайдан алдарқата алмайды»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні таңертең Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ Президенті Дональд Трамптың осы елдің бұрынғы басшысы Барак Обаманы Иранға шабуыл жасауға талпынып жатыр деп айыптаған сөздерін жариялады.
Зариф, сондай-ақ, соңғы 100 жылда бір апат салдарынан АҚШ-та ең көп адам шығыны болған күндер жайлы бейнематериал жариялады.
Соған сәйкес 2020 жылғы желтоқсанның 9, 10 және 16-ы соңғы жүз жылда АҚШ-тағы ең көп адам шығыны болған күндердің алдыңғы үштігін құрады. Бұл кезде коронавирустан күніне 3 мыңнан аса адам көз жұмды.