Италияның Рим қаласында «Парсы тілі мен әдебиетін үйрету перспективасы» атты вебинар өтті
Дүниежүзілік ана тілі күніне орай Италияның астанасы Рим қаласында «Иран мен Италия университеттерінде парсы және италиян тілдері мен әдебиеттерін үйрету тарихы, қазіргі жағдайы және перспективасы» атты вебинар өтті.
Римдегі Иранның мәдени өкілі Мұхаммедтақи Амини осы вебинарда: «Парсы және италиян тілдерін қос тараптан үйрету – бай мәдениет пен өркениетке ие қос ел Иран мен Италияның жан-жақты қарым-қатынасы қақпасының кілті»,-деді.
Италияда парсы тілі мен әдебиетін үйрету курстары осы елдегі Иранның Мәдени өкілдігінде оффлайн және онлайн форматта өтеді. Сондай-ақ, Неаполь Шығыстану университеті, Венецияның «Кафускари» университеті, Римнің «Ла Сапинца» университеті, Болонья университетінде парсы тілі мен әдебиеті кафедралары, Торино университетінде Иран кабинеті, Палермо мен Кальяри қалаларының университеттерінде оқу курстары қалыбында парсы тілі мен әдебиеті оқытылады.