Боррель Иранның «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелеріне табанды болғанын және еуропалықтардың келісімді бұзғанын мойындайды
(last modified Wed, 24 Feb 2021 16:40:09 GMT )
Ақп 24, 2021 22:40 Asia/Almaty
  • Боррель Иранның «Ортақ қадам» келісіміндегі  міндеттемелеріне табанды болғанын және еуропалықтардың келісімді бұзғанын мойындайды

Еуроодақ пен еуропалық үштік (Британия, Германия, Франция) АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң, бұл келісімді сақтап қалу және өз міндеттемелерін орындау саласында әрекеттенбеді. Иран аталмыш келісімдегі барлық міндеттемелерін орындады. Осы кезде мұны Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы да мойындады.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель  сейсенбі күні Атлантикалық кеңестің отырысында: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шыққанша дейін Иран келісімдегі өз міндеттемелеріне табанды болды және ұзақ уақытқа дейін оларды орынауды жалғастырды»,- деп мойындады. Ол INSTEX-тің тиімсіздігіне тоқталып: «Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамады»,- деді. Сонымен қатар, Боррель Иранмен келіссөздерді тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесімен ғана шектеуге шақырды. Боррельдің айтуынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы -  екіжақты келісім, сондықтан оны жолға қайтару керек және қазіргі кезде Еуропа мен АҚШ-тың бұл тақыпытағы ынтымақтастығы басты мәселе болып табылады. Еуродақтың жоғары басшыларының бірінің Иранның өз міндеттемелеріне табанды болғанын және Еуроодақтың дәрменсіздігін мойындауы  тағы да Иранның, әсіресе қазіргі кезде позициясының заңдылығын көрсетеді. 2018 жылдың мамыр айында Трамп үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін еуропалықтар аталмыш келісімдегі өз міндеттемелерін орындау үшін ешбір талпыныс жасамады. Олар сан рет «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөллі туралы уәжденіп, оны сақтап қалу үшін бұл салада талпынс жасау уәде берген. Енді Еуропа орындамаған уәделерінің орының толтыру және келісімді қалпына қайтару үшін   қажетті қадам жасау керек. Алайда, Еуроодақ пен еуропалық үштік мүшелері іс жүзінде бұл мәселеге қатысты қайшы ұстанымдар білдірді. Боррель болса соңғы сөзінде тікелей Иран келіссөздерді тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесімен шектеуге шақырды. Өйткені еуропалық үштіктің мүшелері Иранмен келіссөздерді «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан өзгеше мәселелерге тіреп отыр.

   

 

 

Тегтер