Зариф Оман сұлтанының орынбасарымен кеңесті
Иран Сыртқы істер министрі Оман сұлтанының орынбасарымен кездесуінде екі ел қарым-қатынасындағы соңғы өзгерістер және екі елді қызықтыратын аймақтық тақырыптар төңірегінде сұхбаттасып, пікір алмасты.
Mehr ақпарат агентігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Маскатта Фаһд бен Махмұд Але Саидпен кездесіп, екі ел қарым-қатынасындағы соңғы өзгерістер және екі елді қызықтыратын аймақтық тақырыптар төңірегінде сұхбаттасып, пікір алмасты.
Тараптар Иран мен Оман байланысын кеңейтіп, кедергілерді жою қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Маскатта Оманның Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамуд әл-Бусаидимен кездесіп, екі жақты байланыс мәселелері мен аймақтық өзгерістерді талқылады.