Байден үкіметінің 100 күндік жұмысына шолу
(last modified Sat, 01 May 2021 13:36:38 GMT )
Maм 01, 2021 19:36 Asia/Almaty

АҚШ-тың демократтар партиясының Президенті Джо Байденнің билік басына келгенінен 100 күн өтіп, қазір барша оның үкіметінің жұмысына назар аударуда. Кейбір жетістіктерге қарамастан, үкіметтің жұмысы үлкен сәтсіздіктерге тап болды.

 

Байден үкіметі коронавируспен күресуде және АҚШ экономикасын қалпына келтіруде үлкен жетістіктерге жеткендей болып көрінеді.  АҚШ-та 32 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырды және 575 мыңнан астам адам қайтыс болды. Статистикаға сәйкес, осы кезге дейін 100 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алды және бұл мәселе адам өлімін азайтты. Экономиканы қалпына келтіру саласында АҚШ Сауда министрлігі өзінің жаңа есебінде 2021 жылдың алғашқы үш айында 6,4 пайыздық экономикалық өсімге қол жеткізгенін хабарлады. Шағын экономикалар мен ірі өндірістерге қаржылық көмек, вакцинация, еңбек жағдайына оралу және экономикалық инфрақұрылымдарды іске қосу бұл дамудың факторлары болды. Сонымен қатар, Байден үкіметі де бірқатар үлкен сәтсіздіктерге тап болды. Бұл саладағы маңызды мәселелердің бірі - Байденнің сәтсіз иммиграциялық саясаты, оның нәтижесінде қазіргі кезде АҚШ шекараларында заңсыз иммигранттар саны едәуір көбейіп, федералды үкіметтің алаңдауына себеп болды. Байденді сынаушылардың пікірінше, Байденнің Трамп үкіметінің иммиграциялық саясатын өзгерту уәделері Орталық Америкадан мыңдаған адамдардың жаңа өмір сүру үмітімен АҚШ-тың оңтүстік шекараларына қарай аттануына әкелді. Байден мен оның үкіметіне қатысты сындардың күрт өсуіне себеп болған келесі мәселе американдық қоғамдағы жік-жіктердің күшеюі, сонымен қатар АҚШ Конгресінің екі полюске бөлінуі және республикашылдардың Байденнің экономикалық және әлеуметтік жобаларына қарсы ашық ұстаным білдіруі болды. Республикашыл заң шығарушылар Байденнің барлық топтар мен партиялардың біртұтас АҚШ туының  астында бірігуі туралы айтқанын еске салып, Байденнің сөздерінің бос сөз екенін және оның әрекеттерінің сөзіне қайшы екенін қуаттады.