Иран Сыртқы істер министрі Нью- Йоркке аттанды
https://itolqyn.com/news/world-i5269-Иран_Сыртқы_істер_министрі_Нью_Йоркке_аттанды
Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ- дағы климаттық өзгерістер келісімшартына (Париж келісімшарты) қол қою рәсіміне қатысу үшін бүгін дүйсенбі күні Нью- Йоркке аттанды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 18, 2016 18:09 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Нью- Йоркке аттанды

Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ- дағы климаттық өзгерістер келісімшартына (Париж келісімшарты) қол қою рәсіміне қатысу үшін бүгін дүйсенбі күні Нью- Йоркке аттанды.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Нью-Йоркке сапарында климаттық өзгерістер келісімшартына қол қою рәсіміне қатысумен қоса, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен және осы рәсімге қатысушы кейбір қайраткерлермен кездесіп әңгімелесуді жоспарлап отыр. Зариф Нью-Йоркте АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуы туралы ақылдасады.