Армения Экономика министрі Иранмен экономикалық әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттады
Маусым 11, 2021 13:58 Asia/Almaty
Армения Экономика министрі Иран елшісімен кездесуінде екі елдің экономикалық әріптестігін кеңейту қажеттігін қуаттады.
Ваган Керобян Иранның Армениядағы елшісі Аббас Зухуримен кездесуінде: «Екі елдің ортақ экономикалық жобалары мен бағдарламалары тез арада орындалуы тиіс»,-деді.
Иранның Армениядағы елшісі де осы кездесуде: «Ирандық тарап осыған қатысты жол картасын дайындады. Ол екі елдің ортақ экономикалық жобаларын орындауға айтарлықтай көмектесе алады»,-деді.
Осы кездесуде тараптар Армения мен Иранның сауда, өнеркәсіп, фармацевтика, туризм және экспорт-импортты дамыту салаларындағы әріптестігін талқылап, облысаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздығын баса айтты.
Тегтер