Ресей қырғи ұшағы Балтық теңізі көгінде Германияның қырғи ұшағын анықтап, бақылауға алды
https://itolqyn.com/news/world-i54122-Ресей_қырғи_ұшағы_Балтық_теңізі_көгінде_Германияның_қырғи_ұшағын_анықтап_бақылауға_алды
Ресейдің Қорғаныс министрлігі осы ел қырғи ұшағының Балтық теңізі көгінде Германияның FGR-4 қырғи ұшағын анықтап, соңынан ілескенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 23, 2021 14:58 Asia/Almaty
  • Ресей қырғи ұшағы Балтық теңізі көгінде Германияның қырғи ұшағын анықтап, бақылауға алды

Ресейдің Қорғаныс министрлігі осы ел қырғи ұшағының Балтық теңізі көгінде Германияның FGR-4 қырғи ұшағын анықтап, соңынан ілескенін хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде: «Су-27 қырғи ұшағы Балтық теңізі көгіндегі Ресейдің әуе шекарасын бұзуға тырысқан бір қырғи ұшақты анықтап, көкке көтерілді»,-деп хабарлады.

Су-27 қырғи ұшағы неміс қырғи ұшағын анықтап, оны Ресейдің әуе шекаралары маңынан кетуге мәжбүрлеп, өз әуе базасына қайтып оралды.