Украина СІМ Кабулдан ұшақтың ұрланғанын теріске шығарды
Украина СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстаннан украиналық ұшақтың ұрланып, Иранға жеткізілгені туралы ақпараттарды теріске шығарды.
Олег Николенко Ауғанстаннан бір украиналық ұшақтың ұрланғаны туралы ақпаратты теріске шығарып: «Украина азаматтарын Ауғанстаннан қайтару үшін Кабул әуежайына барған ұшақтардың барлығы Киевке аман-есен жетті»,-деді.
Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин Украина азаматтарын эвакуациялау үшін Кабулға барған бір ұшақтың белгісіз адамдар тарапынан ұрланып, Иранға әкетілгенін айтты.
Украина СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Кабулда және басқа ешбір жерде ешқандай украиналық ұшақ ұрланған жоқ. Ұшақтың ұрланғаны туралы БАҚ-та таралған ақпараттар шындыққа жанаспайды»,-деді.