Қайшылықтар саясында Беннет АҚШ-қа сапар шекті
Нафтали Беннет Израильдің Премьер-министрі ретінде АҚШ-қа алғашқы сапарында осы елдің Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және Қорғаныс министрі Ллойд Остинмен кездесті. Бейсенбі кешке Джо Байденмен кездеседі деп күтілуде.
Израиль Премьер-министрі АҚШ-пен екіжақты қарым-қатынас көп жарнамаланған жағдайда осы елге сапар шекті. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Нафтали Беннетпен кездесуінде: «АҚШ-тың Израильдің қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз етуге қатысты міндеттемесі өзгеріссіз қалады»,-деді. Израильдің Премьер-министрі бұл кездесуде осы режимнің жаңа үкіметі үшін Тель-Авив пен Вашингтон қарым-қатынасын жақсартудың маңызды екенін айтып: «Израильде АҚШ-тан сенімді одақтас жоқ»,-деді.
АҚШ пен Израильдің екіжақты қарым-қатынасы және Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сөздер бұрыс емес, бірақ Вашингтон мен Тель-Авив арасында көптеген қайшылық бар. Бұл қайшылықтар Байден Ақ үйге келген сәттен байқалды. АҚШ Президенті осы елдің басқа басшыларына керісінше біраз уақыт өткеннен кейін Израильдің сол кездегі Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен сұхбаттасты.
Беннет пен Блинкеннің кездесуінде тараптар арасындағы қайшылықтар айқын көрінді. Қайшылықтардың бірі Палестина мен Израиль текетіресін шешу үшін екі үкімет құру жолы болды. Нафтали Беннет Вашингтонға сапарға дейін: «Премьер-министр болып тұрған кезімде тәуелсіз палестиналық үкіметтің құрылуына жол бермеймін»,-деген болатын. Ал бұл жағдайда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Беннетпен кездесуінде палестиналықтармен қарым-қатынастың маңыздылығын ескеріп, екі бөлек Израиль және Палестина үкіметтерін құру жолын Байден үкіметінің аймақта бейбітшілікке қол жеткізуге тиімді үлгі деп атады.
Тараптар арасында тағы бір қайшылықты мәселе – Иранның ядролық келісімі. Израиль басшылары: «АҚШ-тың Иранмен арадағы ядролық келісімге қайта оралуына қарсымыз»,-деп сан рет мәлімдеді. Беннет АҚШ-қа барғанға дейін өзінің Вашингтонға алғашқы сапары барысында АҚШ Президентіне Иранмен күресу туралы жаңа жоба ұсынатынын айтқан болатын.
Ақпарат құралдарының болжамына сәйкес бұл жобаның мынадай негізгі тақырыбы болмақ: Иранның ядролық бағдарламасына қатысты орын алған соңғы ілгерілеушіліктерге байланысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру осы келісімге қатысты жаһандық алаңдаушылықтардың жойылуына кепілдік бере алмайды. Сондықтан Иранға қысымды арттырып, оның аймақтық белсенділіктерін шектеу мақсатында аймақтық және халықаралық одақ құру үшін басқа бір келісім жасалуы қажет.
Бұған қарамастан АҚШ үкіметі осы күнге дейін ядролық келісімге қайтып оралмаса да, осыған қатысты 6 келіссөз өтті. Америкалық басшылар жетінші келіссөзге қатысуға әзірліктерін жариялады.
Басқа бір жайт: басып алынған жерлерде АҚШ-тың құдіретіне шынайы күмән туындады. Тіпті жуырда Израильдің бірқатар әскериі АҚШ-қа тәуелділікті азайтуды талап етіп: «Талибан тобының Ауғанстанды басып алуы АҚШ-тың Батыс Азияға қатысты қатынасының жеңіліске ұшырайтынын көрсетті»,-деп мәлімдеді.
Израильдің «Аариц Шуу» вебсайты: «Сионистік режимнің қолбасшылары мен қауіпсіздік саласының генералдары осы режим Премьер-министріне ашық хат жолдап, Ауғанстандағы оқиға мен Талибанның үкімет басына келуіне тоқталып, Израильдің АҚШ-тың әлемдегі гегемониясына бағынышты болуын қайта қарастыруы керектігін ескертті»,-деп жазды. Бұл хатты жазушылар: «АҚШ-та 30 жыл бұрынғы гегемония жоқ. Ресей мен Иран – қазір аймақтағы басты алпауыттар»,-деп мойындады.
Қысқаша айтқанда, АҚШ үкіметі Израильді қолдауға міндеттеме алып, сионистік лобби АҚШ-тың билік құрылымына бойлай енгеніне қарамастан, Тель-Авив пен Вашингтонның екіжақты қарым-қатынасында ортақтықтан гөрі қайшылықтар көп сыңайлы.